arasha.kz

Антикор полиция қызметінде болған жігітке іздеу салды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті Қарағанды облысының тумасы 25.07.2000 жылы туған Бақыт Әділ Есенжолұлына іздеу салды.

Агенттіктің мәліметінше, ол ауыр қылмыс жасағаны үшін іздестіруде.  Бұлтартпау шарасы – «Қамауда ұстау».

Іздеу салынған адам анықталған жағдайда немесе оның болуы ықтимал орны туралы қандай да бір ақпарат алынған кезде, іздестіру бастамашысын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментіне (мекен – жайы Жезқазған қ., Құрманбаев көшесі 15) мына телефондар бойынша хабарлауды сұраймыз: 8 (7102) 72-12-31 Кезекші бөлім, іздестіру тобы,  8-771-192-44-20, 8-775-912-87-07  ұялы телефоны, (немесе kb.ulytau@antikor.gov.kz электрондық поштасына жазу).

Exit mobile version