Ақмола облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан 3 адам қаза тапты. Тағы бірнеше адам жарақат алды.
Оқиға 18 ақпан күні сағат 13:45 шамасында «Көкшетау-Атбасар» автожолында тіркелген. Polisia.kz мәліметінше, аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
«Көкшетау-Атбасар» автожолының 29 шақырымында 43 жастағы ер адам басқарып келе жатқан «Тойота Камри» маркалы автокөлік жолдың қарама-қарсы жолағына шығып кетіп, 46 жастағы ер адам басқарып келе жатқан ресейлік есепте тұрған «ВАЗ-2115» маркалы автокөлігімен соқтығысуға жол берген. Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам қайтыс болды», -деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының ақпарат орталығы.
Қазір оқиға кезінде жарақат алған төрт адам ауруханаға жеткізілген.
Айта кетейік, Орал-Атырау тас жолының бойында болған жантүршігерлік жол апатынан алты адам мерт болды.