Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысына қатысты материалдар Президент әкімшілігінің жалпы істер жөніндегі бөліміне келіп түсті. Бұл туралы депутат Марат Бәшімов айтты.
“Комиссия сот шешімін өзгертпейді. Азаматқа мемлекет басшысына жүгінуге құқық беріледі. Азаматтар осы құқығын пайдаланады. Конституциялық фигура – тек президент. Бүкіл материал президентке жеткізіледі. Тек сол ғана шешім қабылдайды. Бірақ алдын ала пікір комиссиядан сұралады”, – деді мәжіліс депутаты.
Бұған дейін Кәрім Мәсімов Тоқаевтан кешіріп сұрап, рақымшылық жасауды өтінді. Экс-шенеунік былтыр Қаңтар оқиғасы бойынша істі болды. Ол мемлекетке опасыздық жасағаны және билікті басып алмақ болғаны үшін 18 жылға сотталды.