17-09-24 |
2980 рет қаралған
АҚШ-та электроника экспорттады деген айыппен ресейлік қамауға алынды.
АҚШ-та электроника экспорттады деген айыппен ресейлік қамауға алынды

Дүйсенбі күні АҚШ-тың Флорида штатында Ресей азаматы Денис Постовой санкцияланған электроника құралдарын экспорттады деген айыппен қамауға алынды. Бұл туралы ​​АҚШ әділет министрлігі хабарлады.

«Сот құжаттарына сәйкес, Постовой кем дегенде 2022 жылдың ақпанынан, Ресейдің Украинаға жаппай басып кіруінен бастап, Америка Құрама Штаттарынан Ресейге микроэлектроника компоненттерін сатып алып, заңсыз экспорттаған. Бұл экспортталған микроэлектрониканы ұшқышсыз ұшақтарда немесе дрондарда қолдануға болады», – делінген министрлік хабарламасында.

Сот құжаттарына сәйкес, Постовой микроэлектрониканы Швейцария мен Гонконгтағы фирмалар арқылы жеткізіп, соңғы баратын жерін жасырған.

Ол Флорида штатының Сарасота қаласында тұрған және сол жерде қамауға алынды.

Тергеушілердің айтуынша, Постовойға Гонконгтағы үш компания мен Ресейдегі Vector Group компаниясы тиесілі.

Постовойдың ісі бойынша алғашқы сот отырысы 19 қыркүйекке белгіленген.

АҚШ-тағы Ресей елшілігі әлеуметтік желілерде Мемлекеттік департаменттен ресейлік азаматтың тұрған жері туралы ақпарат сұрағанын және оған консулдық және құқықтық көмек көрсетуге ниетті екенін жазды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.