07-02-25 |
560 рет қаралған
Ақтау әкімінің бұрынғы орынбасарына іздеуде салынды.
Ақтау әкімінің бұрынғы орынбасарына іздеуде салынды

Қаржы мониторингі агенттігі Ақтаудың бұрынғы әкім орынбасары Тимур Садуақасовқа іздеу жариялады. Экс-шенеунік пара беруге итермелеу және алаяқтық жасады деген күдікке ілініп, Солтүстік Қазақстан облысы аумағында заңсыз пайдалы қазбалар өндіру ісі бойынша тергелуде.

Бұл Солтүстік Қазақстандағы Обухов кен байыту комбинатына қатысты атышулы қылмыстық іске байланысты. 2024 жылғы желтоқсанда сот осы іске қатысы бар барлық тұлғаны, соның ішінде Садуақасовты да ақтаған. Алайда прокуратура апелляция беріп, істі қайта қозғады. Сот ақталған тұлғаларға қатысты қамауға алу шарасын қолданды.

Осыдан кейін Садуақасов жасырынуға мәжбүр болғанға ұқсайды.

Тимур Садуақасов Ақтау әкімінің орынбасары болып 2019 жылғы 18 ақпанда тағайындалған. Бұған дейін Маңғыстау облысы әкімдігі құрылымында жұмыс істеген.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.