
Көлік министрлігі 25 желтоқсанда Ақтау маңында апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines (AZAL) ұшағының апатына қатысты тергеудің алдын ала нәтижелері бойынша есеп берді.
Баяндама 53 беттен тұрады. Құжатта есеп аясында жүргізілген тергеу «біреудің кінәсі мен жауапкершілігінің үлесін белгілеуді білдірмейтіні» нақтыланған, деп жазды Azattyq Rýhy.
«Осы есепте ұсынылған ақпарат – алдын ала мәлімет және зерттеулер мен барлық материалдарды зерделеу нәтижесінде нақтыланып, толықтырылуы мүмкін. Жұмыс аяқталғаннан кейін авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру қорытындысы бойынша түпкілікті есеп дайындалады», – делінген құжатта.
Сонымен қатар, есепте комиссия әуе кемесінің құрылымдық зақымдануларын жан-жақты тексеруді жалғастырып жатқаны көрсетілген.
«Сақталған фрагменттердің бастапқы қарауы фюзеляждың құйрық бөлігінде, тік қанатында, тұрақтандырғышында, биіктік пен бағытын басқару рулдерінде әртүрлі мөлшердегі және пішіндегі көптеген тесілген және тесілмеген зақымдарды анықтады. Ұқсас зақымдар әуе кемесінің сол жақ қозғалтқышы мен сол қанатынан, сондай-ақ оның агрегаттары мен құрамдас бөліктерінен де табылды. Кейбір жерлерде зақымдар дұрыс тікбұрышты формаға ие», – делінген құжатта.
-
12.02.2025
-
12.02.2025
-
12.02.2025
-
12.02.2025
-
12.02.2025
-
12.02.2025
-
12.02.2025
-
12.02.2025
-
12.02.2025