Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасы басшысы ұсталды. Ақпаратты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі растады.
ҰҚК-тің мәліметінше, әскери-тергеу басқармасы басшысы пара алу күдігіне іліккен.
«Қылмыстық кодекстің 366-бабына сәйкес «пара алу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр», – делінген хабарламада.
Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жарияланбайды.