21-10-24 |
2140 рет қаралған
Ақтауда терроризмді насихаттаған азамат сотталды.
Ақтауда терроризмді насихаттаған азамат сотталды

Осы жылдың 19 қазанында Ақтау қаласының тұрғынына қатысты террористік акт жасамақ болғаны және терроризмді насихаттағаны үшін үкім заңды күшіне енді. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

Ақтау қалалық соты оған 18 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

«Зорлық-зомбылық әрекетін жасау үшін жарылғыш құрылғыны, соның ішінде зақымдайтын элементтер жасауға қажетті компоненттер болттар мен шегелерді сатып алғаны анықталды.  Шабуыл нысаны ретінде Маңғыстау облысының мемлекеттік мекемелерінің ғимараттарын таңдап, фото және видеоға түсіру арқылы жергілікті жерді зерттеген», – делінген хабарламада.

Айта кету керек, сотталған адам бұрын кісі өлтіргені үшін сотты болған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.