Осы жылдың 4 қарашасында ҰҚК Маңғыстау, Алматы облыстары мен Алматы қаласы бойынша департаменттері прокуратура органдарының үйлестіруімен еліміздің оңтүстік өңірлерінен Ақтау қаласына есірткі жеткізу арнасын жойды.
Осы арнаны ұйымдастырды деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.
Заңсыз айналымнан каннабис тобына жататын 300 келі есірткі заты тәркіленді.
Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.