28-08-24 |
4370 рет қаралған
Ақтөбе облысында 10 жасар қыз көлікте тірідей өртеніп кетті.
Ақтөбе облысында 10 жасар қыз көлікте тірідей өртеніп кетті

Ақтөбе полицейлері баланың өліміне қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. Сонымен, 27 тамызда Хромтау ауданы Дөң ауылында аулада тұрған «ВАЗ» көлігінен өздігінен өрт шықты. Мұны көрші үйдегі бейнебақылау камерасының жазбалары растайды.

Көлік ішінде 10 жасар қыз болған.

«Оқиға кезінде ата-анасы үйде отырған. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», – деп хабарлады полиция.

Мәйіттің табылуы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.