Хромтау полицейлері бір ай бұрын із-түссіз жоғалып кеткен ер адамның бөлшектелген денесін тапты, оның дене мүшелерінің бөліктері сөмкелерге оралған.
«Ақтөбе облысының Хромтау қаласында жан түршігерлік қылмыс орын алды. Жедел іс-шаралар барысында полицейлер ер адамның бөлшектелген денесін тапты. Дене бөліктері бірнеше сөмкеге салынған», – деп жазды «Мой город» басылымы.
Аталған оқиғаға қатысты екі күдікті ұсталған. Олардың бірінің мұздатқышынан жәбірленушінің басы табылды.
Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сот күдіктілерге екі ай мерзімге уақытша ұстау изоляторына қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады.
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024