24KZ телеарнасының мәліметінше, кепілге алынғандардың бірі ауруханаға тасымалдау кезінде, екінші адам операция үстелінде қайтыс болды. Үшінші жәбірленушінің жағдайы ауыр.
Кеше кешкі сағат 8-де «102» пультіне белгісіз біреу жеке үйлердің біріне кіріп, адамдарды кепілге алғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жедел тергеу тобы, арнайы жасақ қызметкерлері, барлық шұғыл қызмет жедел жұмылдырылды, аудан қоршауға алынды.
Кепілге алынғандарды босату операциясы ұйымдастырылып, күдікті ұсталды. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.
Куәгерлердің айтуынша, белгісіз біреулер бірнеше адамды қорада кепілдікте ұстаған. Ал aktobe_live паблигі таратқан видеоға мән берсек, оқиғаның жер үйлердің бірінде болғанын көруге болады.
-
14.01.2025
-
14.01.2025
-
14.01.2025
-
14.01.2025
-
14.01.2025
-
14.01.2025
-
14.01.2025
-
14.01.2025
-
14.01.2025