12-04-24 |
6300 рет қаралған
Ақтөбеде мектепте оқушы қайтыс болды.
Ақтөбеде мектепте оқушы қайтыс болды

Есет батыр атындағы олимпиадалық резерв мектебінің сегізінші сынып оқушысы мектепте есінен танып, жедел жәрдем көлігінде көз жұмды.

Бір жылдан сәл астам уақыт бұрын Бексұлтан Әбубәкір еркін күрес бөліміне оқуға түскен. Сәуірдің 11-і күні сағат 21:30 шамасында жасөспірім құлап, есін жоғалтқаны белгілі болды. Жедел жәрдем шақырылды, бірақ Бексұлтан көлікте қайтыс болды. Баланың өлімінің себебі анықталуда.

«Мектеп қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде (денсаулыққа ауыр зиян келтіру және қызметтік міндеттеріне адал емес қарау). Сараптама тағайындалды», – деп хабарлады Ақтөбе қалалық ІІБ.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.