Ақтөбе қаласы маңындағы Кеңес Нокин ауылында трансформатор өртенді. Оның ішінде адам болғаны анықталды.
Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі кезде тергеу жүріп жатыр.
Шағын электр стансанан адам денесі табылды. Осы оқиғадан соң сотқа дейінгі тергеу басталды. Алдын ала болжам бойынша, адамды ток соққан, – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Еске салсақ, Жаңа жыл түні қауіпсіздік шаралары күшейтілді. 600-ден астам полицей мен Ұлттық гвардияның 400-ге жуық қызметкері тәртіпті қамтамасыз етті. Түнде 102 пультіне 157 қоңырау келіп түсті және патрульдік полиция қызметкерлері төрт мас жүргізушіні анықтады. Олардың біреуі бұрын көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған.
-
04.01.2025
-
03.01.2025
-
03.01.2025
-
03.01.2025
-
03.01.2025
-
02.01.2025
-
31.12.2024
-
30.12.2024
-
30.12.2024