27-09-24 |
1790 рет қаралған
Ақтөбеде ішкі ағзаларын сатпақ болған адам ұсталды.
Ақтөбеде ішкі ағзаларын сатпақ болған адам ұсталды

Әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында «E» есімді азамат өзінің ішкі ағзаларын сату бойынша мәміле жасамақ болған. Бұл туралы прокуратура хабарлады.

«2024 жылдың 25 қыркүйегінде прокуратураның бастамасымен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шарасы аясында, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері өзінің ішкі ағзаларын 9 млн теңгеге заңсыз мәміле жасау арқылы сатпақшы болған «E» есімді азаматты ұсталды», – делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 116-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, тергеу амалдары жүргізілуде.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.