![Ақтөбеде жыл басынан бері 4 адам өндіріс орнында көз жұмған](https://arasha.kz/wp-content/uploads/2024/05/1121669191_0_67_1280_787_1920x0_80_0_0_f460e46aaccc92e1fbde20a3ff557072-1024x576.jpg)
Биыл 5 айда өндірісте барлығы 31 жазатайым оқиға тіркеліп, 4 адам қаза тапқан, деп жазды KAZINFORM.
Ақтөбе облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы биыл бірінші тоқсанда 100-ден астам тексеру өткізді. Нәтижесінде 45 жұмыс берушіге ұсыныс беріліп, 10,5 млн теңге айыппұл салынды.
– Бес айда 31 жағдай тіркеліп, төртеуі өліммен аяқталды. Соған байланысты арнайы тексеру жүрізіліп, полицияға 30-дан астам материал жолданды. Мұндай жағдай көбіне тау-кен, мұнай өндіру саласында тіркеледі. Дегенмен былтырғыға қарағанда жазатайым оқиға азайды, – деді Ақтөбе облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының басшысы Жандос Әлімов.
Айта кетейік, былтыр 80 адам өндірістік жарақат алды. Онда 13 адам көз жұмды.
-
06.02.2025
-
06.02.2025
-
06.02.2025
-
06.02.2025
-
06.02.2025
-
06.02.2025
-
06.02.2025
-
06.02.2025
-
06.02.2025