arasha.kz

Арыс қаласында күшті жарылыс болды

ҚазАқпарат

Түркістан облысның Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында жарылыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Төтенше жағдайлар комитетінің  хабарлауынша, бүгін сағат 9.20-да  өртке қарсы қызмет бөліміне Түркістан облысында жарылыс болғаны туралы хабар түскен.

«Жарылыс болған жерде Түркістан облысының төтенше жағдайдалар департаментінің жеке құрамынан 30 адам мен  8 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды», – делінген ресми ақпаратта.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Exit mobile version