26-06-19 |
6280 рет қаралған
Арыс тұрғындары: екі адам өлді дейді, өтірік! Енді қайтып Арысқа бармаймыз.
Арыс тұрғындары: екі адам өлді дейді, өтірік! Енді қайтып Арысқа бармаймыз

31 телеарнасының тілшісі Ирина Советжанқызы Шымкентті паналап жатқан Арыс тұрғындарымен тілдескен видеоларын фейсбук парақшасына жариялады. Онда тұрғындарды жарылыстың қандай қауіпті болғанын, үй-жайларының қирағанын, жарылыстан қаза тапқан, жаралаған адамдар ресми ақпаратта айтылғаннан да көп бөлу мүмкін екендігін, жарылыс таңертең болғанын қарамастан биліктің түсте қозғала бастағанын айтысады.

Журналисттің өзі көрген-білгенін былай баяндайды: «Көрсетпеді, естігенім мен байқағанымды айтайын:
– Бағана Арысқа өте алмаған бір кісі, әскерилердің шебінен босап шығып, Арыстағы үйіне жаяу кеткен. Жаңа мешітте кездестіріп қалдым. «Балаларымның киімі, енемнің дәрісін,ақша әкелдім. Басқа адамнан ақша сұрау ұят қой» – дейді. «Ал оқиға болған күні көз алдымда бес адам өлді, біреуінің көлігіне түсті. Жер ойылып түсті» – дейді.
– Қызым, баламызды құшақтап, снарядтардың арасында секіріп жүрдік. Оқ пен оттың ортасынан келдік. Соғыс болған қалаға қалай ораламыз? Бұл сұмдықты ешкімнің басына бермесін деді.
– Бомбоубежищеде отырдық. Сол жердің өзінде сыртта соғыс болып жатқандай дүмпулер болды. Жүре алмайтын апалар да біздің қасымызда болды. Соңынан бізді шығарды. Әскерилерге раxмет деді орыс апай.
– Зардап шеккендерге көмек көрсетілетін бір орында дастарxанда шай мен наннан басқа ештеңе болмады. Есесіне, азық-түлік сақталған қоймада азық-түліктің сан түрі самсап тұр!
– Адамдар демалып жатқан жерлерде ауа жоқ. Үлкен кісілер әрең отыр.
– «Тегін такси! 3 размерлі памперс кімге керек? Кімге қонатын үй керек? Алып кетеміз!» Мешіт алдында осылай деп айқайлаған ел көп
«.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.