Арыста жарылмаған 70-тен астам снаряд табылған. Бұл туралы қорғаныс вице-министрі Бақыт Құрманбаев (суретте) брифинг барысында айтты.
«Жарылмаған снарядтардың тұрғын үйлерге түсуі мина жою жұмысын күрделендіре түсуде. Мұндай үй-жайларға саперлерді жіберу прокуратура, полиция және жергілікті атқарушы билік органдары қызметкерлерінің ілесіп жүруімен жүзеге асырылады», – деді ол.
Бақыт Құрманбаевтың айтуынша қарағанда, Арыс әлі де қауіпті жағдайда.