Біз
әлеуметтік
желіде
19-06-25 |
350 рет қаралған
Әскерде қаза тапқан сарбаздардың ата-аналары Тоқаевқа үндеу жасады.
Әскерде қаза тапқан сарбаздардың ата-аналары Тоқаевқа үндеу жасады

Қазақстан армиясында бейбіт уақытта қаза тапқан сарбаздардың ата-аналары Астанадағы Министрліктер үйінің алдына жиналды. Олар балаларын өлтірді деп санайды, ал ресми органдардың «суицид» нұсқасын абсурд деп қабылдайды.

Акцияға қатысушылар әрбір оқиға бойынша терең әрі әділ тергеу жүргізуді талап етіп отыр, деп жазды Orda.kz.

Жиналғандар ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа видеоүндеу жолдады:

«Біз — Қазақстан Қарулы Күштерінде қаза тапқан сарбаздардың ата-аналарымыз. Біз бірнеше рет үндеу жасап, [сарбаздардың өліміне байланысты] қозғалған қылмыстық істер әділ тергелуін сұрадық. Біздің балаларымызды өлтіріп кетті. Әскери тергеу басқармасы мен әскери прокуратура бұл істерді суицид деп жауып тастауға тырысып жатыр. Егер сіз расымен де біздің президентіміз болсаңыз, бізге мойын бұрыңыз. Біз басқа ештеңе сұрамаймыз — тек қана қылмыстық істердің әділ тергелуін талап етеміз».

Қаза тапқан сарбаздардың ата-аналары бұған дейін де, 7 мамырда, митингіге шыққан болатын. Олар балалардың өліміне қатысты істердің әділ тергелуін сұраған және олардың қолында «суицид» пен тергеудің басқа да нұсқаларын жоққа шығаратын сараптама қорытындылары барын мәлімдеген.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.