Кеше, сағат 19:30-да 2001 және 2003 жылы туған екі ер адам балық аулауға барып, қайтып оралмаған. Бұл туралы ТЖМ хабарлады.
Іздеуге Ақмола облысы мен Астана қаласы ТЖД, жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері кірісті. Іздеу жұмыстары түні бойы жалғасты.
Балық аулау әуесқойлары бүгін таңғы сағат 08:00-де табылды. Белгілі болғандай, түнде қатты жел оларды қарама-қарсы жағалауға шығарып тастағандықтан, олар өздігінен орала алмады. Сондай-ақ, оларда құтқару кеудешелері де, байланыс құралдары да болған жоқ. Кейін құтқарылғандар ӘҚБтК-нің 412-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Ақмола облысының ТЖД судағы барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды қатаң ұсынады.
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024