Астанада 20 жастағы қыздың мәйіті табылды. Астана полиция департаменті аталған жайтты растады.
«Қала тұрғынының мәйіті табылған соң қылмыстық іс қозғалды. Анықталғандай, 30 қыркүйекте 102 арнасына Майлина көшесінде тіршілік белгісі жоқ қыз жатыр деген хабар келіп түскен. Полицейлер 20 жастағы марқұмның кім екенін анықтады», – деп хабарлады Астана қалалық ІІД баспасөз қызметі.
Полиция департаменті оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын қосты.