3 шілде күні жол-көлік оқиғасы салдарынан маршруттық автобустың қатысуымен болған апат бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр, деп хабарлады Астана полиция департаменті.
«Автобустың жүргізушісі Қосшығұлұлы көшесімен Сержанбеков көшесімен қиылысқанда «Ford» автокөлігінен жол бермей, маневр жасап көлікке соқтығысқан», – деді полициядан.
Оқиға нәтижесінде автобус жолаушыларының үшеуі медициналық мекемеге жеткізілді.