Біз
әлеуметтік
желіде
26-04-25 |
290 рет қаралған
Астанада екі жүк көлігі жол апатынан кейін өртеніп кетті, қаза тапқандар бар.
Астанада екі жүк көлігі жол апатынан кейін өртеніп кетті, қаза тапқандар бар

Кеше елордада Пушкин көшесінде, КамАЗ-орталығы маңында екі жүк көлігінің қатысуымен жол апаты болды. Қақтығыстан кейін екі көліктің кабинасы өртеніп кетті.

«Алдын ала мәлімет бойынша, Mercedes жүк көлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, Sinotruk көлігімен соқтығысқан. Соқтығыстан кейін екі жүк көлігі де өртенген. Өртті сөндіру кезінде Mercedes көлігінің кабинасынан жүргізушінің мәйіті табылды. Ол оқиға орнында қаза тапты. Екінші жүк көлігінің жүргізушісі зардап шеккен жоқ. Ол өрт басталғанға дейін кабинадан секіріп шығып үлгерген», — деп хабарлады полиция.

Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу басталды.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.