19 маусым күні Астанадағы «Орбита» тұрғын үй кешенінде қатыгездікпен жасалған қылмыс туралы ақпарат тарады. Алынған мәліметтерге сәйкес, ер адам азаматтық некедегі жары – Саня есімді әйелге балалардың көзінше төрт рет пышақ жарақатын салған. Одан кейін 25-қабаттан секіріп, төмендегі көлікке құлаған. Алдын ала мәлімет бойынша, ол аман қалған.
Қайғылы жағдайға қаржылық келіспеушілік себеп болуы мүмкін.
Марқұмның артында 7 және 10 жастағы екі ұлы қалды.
Полиция аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады. Қазір барлық мән-жайларды анықтауға бағытталған жан-жақты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.