03-07-24 |
4280 рет қаралған
Астанада кассадан ақша жымқырған бармен ұсталды.
Астанада кассадан ақша жымқырған бармен ұсталды

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Есіл ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері кафенің кассасынан ақша ұрлады деген күдікпен 22 жастағы қала тұрғынын анықтаған.

Тергеу барысында, жігіттің екі ай бұрын бармен болып жұмысқа орналасқаны белгілі болды. Ол жұмыс істеген уақытында оңтайлы сәтті пайдаланып, кассадан 35 мың теңгеге жуық ақшаны иемденіп, жұмыстан шығып кеткен.

Кассада ақша жетіспейтінін байқаған мекеме әкімшісі полицияға жүгінген.

«Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оның елордада жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда. Астана қаласы Полиция департаменті азаматтарға қырағы болуды және бағалы заттарды қараусыз қалдырмауды ескертеді», – делінген хабарламада.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.