Біз
әлеуметтік
желіде
11-06-25 |
370 рет қаралған
Астанада LRT вагондары рельске орнатыла бастады.
Астанада LRT вагондары рельске орнатыла бастады

Жуырда елордаға жеңіл рельсті көлік (LRT) жүйесіне арналған алғашқы екі құрам жеткізілген болатын. Ал бүгін сол вагондарды рельстерге орнату жұмыстары басталды.

Әлеуметтік желілерде осы сәттерді түсірген бейнежазбалар тарап жатыр. Кадрларда көгілдір түсті вагондар мен арнайы техникалар көрінеді.

Еске салсақ, LRT жүйесінің техникалық іске қосылуы биылғы қыркүйек айына жоспарланған. Ал 2026 жылдың көктемінде бұл көлік түрі жолаушыларды тасымалдай бастайды деп күтілуде.

Фото: tengrinews

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.