Астанада «Сарыарқа» сауда-ойын-сауық орталығы өртеніп жатыр. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Қазіргі уақытта Астана өрт сөндірушілері Нұра ауданындағы Тұран даңғылында орналасқан СОСО-дағы өртті сөндіріп жатыр», – делінген сәрсенбі күнгі хабарламада.
Белгілі болғандай, оқиға орнында құтқарушылар жоғары деңгейдегі дабыл бойынша жұмыс істеп жатыр.