![Астанада үйдің қасбеті баланың үстіне опырылып түсті](https://arasha.kz/wp-content/uploads/2024/05/snimok-ekrana-2024_05_13-v-14.32.31.png)
Елордадағы Sat City тұрғын үй кешенінде қасбет баланың үстіне опырылып түсті.
Астана денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқиға12 мамыр күні болған және 11 жасар бала зардап шекті.
«12 мамырда №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасының травматология бөліміне бастың самай бөлігіндегі жарақат шағымдарымен 2013 жылы туған бала түсті. Қарап тексергенде қан кетусіз көгерген нүктелі жара анықталды. Баланың жалпы жағдайы қанағаттанарлық», – деп түсіндірді ведомстводан.
Sat City тұрғындары тұрғын үй кешенінің қазір әбігерге түскеніне шағымданады. Айтуларынша, құрылыс салушы төңіректі абаттандыру туралы уәдесін орындамаған, аулалардың әр жерінде қоқыс бар.
-
06.02.2025
-
06.02.2025
-
06.02.2025
-
06.02.2025
-
06.02.2025
-
06.02.2025
-
06.02.2025
-
06.02.2025
-
05.02.2025