Елордадағы Sat City тұрғын үй кешенінде қасбет баланың үстіне опырылып түсті.
Астана денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқиға12 мамыр күні болған және 11 жасар бала зардап шекті.
«12 мамырда №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасының травматология бөліміне бастың самай бөлігіндегі жарақат шағымдарымен 2013 жылы туған бала түсті. Қарап тексергенде қан кетусіз көгерген нүктелі жара анықталды. Баланың жалпы жағдайы қанағаттанарлық», – деп түсіндірді ведомстводан.
Sat City тұрғындары тұрғын үй кешенінің қазір әбігерге түскеніне шағымданады. Айтуларынша, құрылыс салушы төңіректі абаттандыру туралы уәдесін орындамаған, аулалардың әр жерінде қоқыс бар.
-
04.10.2024
-
04.10.2024
-
04.10.2024
-
04.10.2024
-
04.10.2024
-
04.10.2024
-
04.10.2024
-
04.10.2024
-
04.10.2024