Астана станциясының сұрыптау жолында жүк контейнерінде жарылыс болды. Бұл мәліметті «ҚТЖ» ҰК» АҚ растады.
2025 жылғы 14 ақпан сағат 00:30-да. Астана станциясының сұрыптау жолында жүк контейнерінде жарылыс орын алды.
«Алдын ала мәлімет бойынша контейнердегі жүк — электр жабдықтары (трансформаторлар, генераторлар) болған. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Контейнер жеке компанияға тиесілі болып шықты», – делінген «ҚТЖ» ҰК» АҚ хабарламасында.
Уәкілетті органдардың қатысуымен тергеу жүріп жатыр.