Біз
әлеуметтік
желіде
15-05-25 |
160 рет қаралған
Астанадағы кибертурнирге порноактриса Ева Эльфиді кім шақырғаны белгілі болды.
Астанадағы кибертурнирге порноактриса Ева Эльфиді кім шақырғаны белгілі болды

Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігі Ева Эльфидің 2025 жылғы PGL Major Astana кибертурниріне келуіне қатысты түсініктеме берді.

Министрлік бұл турнирді ұйымдастырумен айналыспағанын мәлімдеді. Порноактрисаны шақыру туралы шешімді тәуелсіз киберспорт ұйымы қабылдаған.

«Турнирді ұйымдастыру және өткізу жұмыстарымен халықаралық тәуелсіз киберспорт ұйымы — PGL Esports айналысады. Қонақтар мен арнайы тұлғаларды шақыруды қоса алғанда, турнирге қатысты барлық шешімдер тек ұйымдастырушылардың құзырында», — деп хабарлады министрлік.

Министрлік өздерінің тек спорттық процестерді бақылап, техникалық талаптардың сақталуын қадағалайтынын және Қазақстанда халықаралық спорт турнирлерінің қауіпсіз әрі заңды өтуін қамтамасыз ететінін атап өтті.

«БАҚ өкілдерін тек ресми ақпаратқа сүйенуге және жалған, арандатушылық сипаттағы хабарларды таратудан бас тартуға шақырамыз», — деді ведомстводан.

Кеше Ева Эльфидің келуіне байланысты Цифрлық даму министрлігінің орынбасары Қаныш Төлеушин пікір білдірді — ол бұл шешімді «этикалық тұрғыда орынсыз» деп атады.

Төлеушин Цифрлық даму министрлігінің мұндай іс-шараларға қатысы жоқ екенін айтып, «Бұл сұрақты Мәдениет және спорт министрлігіндегі әріптестерге қойған дұрыс болар» деп кеңес берді.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.