06-11-24 |
2210 рет қаралған
Астанадағы мектеп қызметкерлері бюджет қаражатын жымқырған.
Астанадағы мектеп қызметкерлері бюджет қаражатын жымқырған

Байқоңыр ауданының прокуратурасы тексеру нәтижелері бойынша елордалық мектептердің бірінде бюджет қаражатын жымқыру фактілерін анықтады.

Жыл бойы жұмыс істемейтін қызметкерлерге жалпы сомасы 8 млн теңгеден астам жалақы мен сыйақы аударылып отырған.

Сот үкімімен мектеп директоры сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп жымқырғаны және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, оған 52,3 млн теңге көлемінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.

Кінәлі тұлға залалды толық көлемде өтеді.

Үкім заңды күшіне енді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.