Әлемдік деңгейдегі танымал порноактриса әрі блогер Ева Эльфи PGL Astana 2025 халықаралық киберспорт турнирінің арнайы қонағы ретінде Астанаға келді. Бұл туралы Sportnews.kz сайты хабарлады.
Ева Эльфи – шын есімі Юлия Сергеевна Романова. Ол 2000 жылы Ресейдің Омбы қаласында дүниеге келген. 2018 жылы Мәскеуге қоныс аударып, сол жерде ересектерге арналған контент индустриясында карьерасын бастады.
Актриса P..rnhub платформасында жариялаған видеоларынан кейін кең танымалдылыққа ие болды. Оның видеолары миллиондаған қаралым жинаған.
2021 жылы Ева Эльфи ересектер индустриясындағы ең беделді марапаттардың бірі – AVN Awards сыйлығын жеңіп алды.
Айта кетейік, қазіргі таңда PGL Astana 2025 кибертурнирінің билеттері түгелдей сатылып кеткен. Іс-шара Астанадағы «Барыс Арена» спорт кешенінде өтеді.