Біз
әлеуметтік
желіде
21-06-25 |
70 рет қаралған
Атырау әуежайы нөсер жауын астында қалды.
Атырау әуежайы нөсер жауын астында қалды

Атырау халықаралық әуежайын жаңбырдың суы басып қалды, деп хабарлады Atyrau Online.

«Атыраудағы қатты нөсер тағы да инфрақұрылым мәселелерін ашып көрсетті: халықаралық әуежай ғимаратының төбесіндегі панельдер құлай бастады. Су ғимарат ішіне еркін ағып жатыр, еденге төбеден тамшылаған суды жинау үшін шелектер қойылған», – делінген хабарламада.

Мәліметке сәйкес, бұл жағдай жолаушылар арасында алаңдаушылық пен түсінбеушілік туғызған. Оқиға орнынан түсірілген бейнежазбаларда судың төбелік панельдер арқылы өтіп жатқанын көруге болады.

«Жарияланған сәтте әуежай әкімшілігі ресми пікір білдірмеген», – деп толықтырылған хабарламада.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.