Бүгін таңертең Атырау қаласында ер адам үйдің кіре берісінде никаб киген әйелге қол жұмсаған.
Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Кадрда ер адамның әйелді бірнеше рет басынан қатты ұрып, оның жерге құлағаны анық көрінеді. Алайда бұған қарамастан, күдікті соққыны жалғастыра береді. Содан соң еш алаңсыз кетіп қалады.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Әлеуметтік желі қолданушылары бұл жағдайға қатты наразы. Олар полициядан дереу шара қолдануды талап етуде.
Әзірге полиция бұл оқиғаға қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.