arasha.kz

Атырау облыстық мәслихатының депутаты бұрынғы жұбайының айыптауларына жауап берді

Атырау облыстық мәслихатының депутаты Айбар Ерекешов бұрынғы жұбайы Нұржамал Тажғалееваның көп жылдық тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы айыптауларын жоққа шығарды, деп жазды Orda.kz.

Ол ешқашан оған қол көтермегенін, ал Нұржамал айтқан жарақаттардың басқа себептермен болғанын мәлімдеді. Әрі сол кезде олар бірге тұрмағанын да атап өтті.

«Мен Нұржамалмен 2023 жылы ресми түрде ажырастым. Иә, 2018 жылы ол басынан жарақат алып, ауруханаға жүгінген. Бірақ ол кезде ол үйге мас күйінде келе жатып, тайып жығылды. Кейін жол апатына түсіп, тағы жарақат алды», — деді Ерекешов.

Депутат физикалық зорлық-зомбылық туралы айыптауларды да жоққа шығарды:

«Мен оған ешқашан қол көтерген емеспін. Тек бірде ол мен үлкен қызымыздың арасында жанжал болғанда араша түскенім бар. Бұл жағдайды басқаша түсінуге болатын шығар, бірақ бұл айыптауға негіз бола алмайды», — деп мәлімдеді ол.

Exit mobile version