05-04-24 |
8320 рет қаралған
Атырау облысында су тасқыны жағдайында қалған тұрғындар пойызбен эвакуациялануда.
Атырау облысында су тасқыны жағдайында қалған тұрғындар пойызбен эвакуациялануда

Қазіргі уақытта Құлсары қаласынан Атырау қаласына тұрғындарды эвакуациялау жүргізілуде. Бұл үшін жолаушылар пойызы тартылған. Осы сағатқа дейін 2000 астам жергілікті тұрғын эвакуацияланды.

Құлсары қаласында 600 астам жеке тұрғын үй су астында қалды. Елді мекенде авариялық-құтқару жұмыстарына 745 адам және 280 техника жұмылдырылды. 4 мыңнан астам еріктілер мен жергілікті тұрғындар тартылды. Атырау қаласынан Құлсарға қосымша күштер мен құралдар жіберілді.
Жем өзенінің су өткізу қабілетін арттыру үшін жару жұмыстары жүргізілуде.

Жағалауды нығайту үшін инертті материалдар салынған қаптар қойылуда.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.