arasha.kz

Атырауда балабақша тәрбиешісі балаға қатігездік көрсеткені үшін жұмыстан шығарылды

Әлеуметтік желілерде тәрбиешінің баланы аяқпен тепкен видеосы пайда болды. Белгілі болғандай, бұл оқиға Атыраудағы «Зейнеп-Амина» жеке меншік балабақшасында орын алған.

Мекеме басшылығының айтуынша, тәртіп бұзушылық анықталғаннан кейін тәрбиеші еңбек заңнамасына сәйкес дереу жұмыстан шығарылған. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тексеру жұмыстарын жүргізуде.

https://arasha.kz/wp-content/uploads/2025/01/img_5275.mp4
Exit mobile version