24-01-25 |
1340 рет қаралған
Атырауда бесінші қабаттан екі жұмысшы құлады. Бірі қайтыс болды, екіншісі ауруханада.
Атырауда бесінші қабаттан екі жұмысшы құлады. Бірі қайтыс болды, екіншісі ауруханада

Атыраудағы тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында екі жұмысшы бесінші қабаттан құлап, біреуі оқиға орнында қайтыс болды, екіншісі жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы AtyrauPress хабарлады.

«Атырауда құрылыс алаңында қайғылы оқиға болды: екі жұмысшы бесінші қабаттан құлады. Біреуі қайтыс болды, екіншісі ауруханада», – делінген хабарламада.

Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, оқиға 20 қаңтар күні сағат 11:15 шамасында болған. Құлау салдарынан 43 жастағы ер адам өліммен үйлеспейтін жарақаттар алды, ал 33 жастағы әріптесі облыстық ауруханаға жеткізілген.

Тергеушілер оқиға фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Сот-медициналық сараптама тағайындалып, жан-жақты тергеу әрекеттері жүргізілуде.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.