Біз
әлеуметтік
желіде
04-07-25 |
90 рет қаралған
Атырауда екі жасөспірім суицид жасады.
Атырауда екі жасөспірім суицид жасады

Геолог ықшам ауданында екі жасөспірім суицид жасады.

Қайғылы оқиға құрбандары – 16 жастағы ұл бала мен 15 жастағы қыз.

Хабарламаға сәйкес, ұл баланың денесі 2 шілдеде табылған, ал келесі күні — қыз баланың денесі анықталған. Екі жағдай бір күн айырмашылығымен орын алған. Белгілі болғандай, екі жасөспірім де асылып қалған.
Облыстық ПД бұл суицид жағдайларын растады.

«2009 және 2010 жылы туған екі кәмелетке толмағанның суицид фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Кешенді тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, соның ішінде куәгерлерден жауап алынуда, жасөспірімдердің ортасы зерттелуде. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау жұмыстары жалғасып жатыр», — делінген хабарламада.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.