arasha.kz

Атырауда үш жасөспірім өртенген шөппен бірге жанып кетті

Атырау облысында қорада өртенген шөп арасынан үш баланың сүйегі табылды. 

Қайғылы оқиға 5 қазан күні кешкі сағат жеті шамасында Махамбет ауданындағы Ортақшыл ауылында болған.

Оқыс оқиға туралы хабар Ж.Жаскеленов көшесі, 23 үйдің шөп қорасынан өрт шыққандығы туралы хабар кешкі сағат 19:27 шамасында түскен. Кейін шөп қораның бұрышынан үш жас баланың сүйегі табылды. 

Атырау облысы полиция департаментінің хабарлауынша, сүйегі табылған балалар 2012, 2014 жылдары туылған жасөспірімдер болуы мүмкін.

Себебі 5 қазан күні 21:40 шамасында Махамбет аудандық полиция бөліміне 2012, 2014 жылы туылған балалардың ойнауға шығып кетіп, үйге оралмағандығы туралы хабар түскен.

Exit mobile version