17-05-24 |
10500 рет қаралған
Атырауда Жайық өзенінің көтерілуіне байланысты қауіпсіздік шаралары жалғасуда.
Атырауда Жайық өзенінің көтерілуіне байланысты қауіпсіздік шаралары жалғасуда

Атырау қаласында Жайық өзенінің қауіпті участкілеріне бон орнатылды. 2024 жылғы 17 мамырда сағат 10:30-дағы ақпарат бойынша Атырау қаласында Жайық өзенінің су деңгейі 560 см құрайды (қауіпті деңгей – 550 см).

Су басу қаупінің алдын алу мақсатында, қала аумағында 250 шақырымда жаға бекіту жұмыстары ұйымдастырылды. Қазіргі уақытта Жайық өзенің қауіпсіз өткізу мақсатында мониторинг жүргізілуде.

Сонымен қатар, мұнайгаз компаниясының техникалары мен жүзу құралдары жұмылдырылып, мұнай төгілген кезде жинауға пайдаланатын теңіздің бөгегіш бондары Жайық өзенінің жағасына жақын орнатылды. Қазіргі кезде Атырау қаласы аумағындағы қауіпті учаскелерде 5115 м қашықтықта бондар қойылды. Аталған жұмыстарға Атырау облысы ТЖД, мұнайгаз компаниясының 50 адам және 3 бірлік қайық жұмылдырылды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.