arasha.kz

Атырауда Жайық өзеніндегі су деңгейінің көтерілуі жалғасуда

«Қазгидромет» РМК гидрологиялық мониторингінің деректеріне сәйкес, кеше су деңгейінің белгісі 443 см-ді құрады. Қалада жеке тұрғын үйлерді су басуына жол бермеу үшін жағалауды нығайту жұмыстары белсенді жүргізілуде.

Қорғаныс бөгеттерінің жай-күйін ТЖ министрі Шыңғыс Әрінов тексерді. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ведомство басшысының  бойынша Атырау облысына Маңғыстау, Алматы, Түркістан, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда облыстарынан, Шымкент қаласынан құтқарушылар тобы, сондай-ақ ТЖМ әскери бөлімдерінің қызметшілері келген болатын. 

Айта кетейік, су тасқыны кезеңінде өңірде 500-ден астам км. қорғаныс құрылыстары салынды.  Су басқан учаскелерден 2,5 млн. астам текше метр су сорылды.

Exit mobile version