Атырау қаласында көшелер мен аула аумақтарынан су сорып шығарылуда.
2024 жылғы 14 ақпанда Атырау облысының Атырау қаласында температураның күрт жоғарылауына және қардың еруіне байланысты 12 көшесі мен жеке сектордың аула аумағын су басты. Сонымен қатар, жер асты суларының деңгейінің көтерілгені байқалады, соның салдарынан жеке аула аумақтары су астында қалды. Аулалардың саны нақтылануда.
Жергілікті атқарушы органдардың күшімен су сору жұмыстары жүргізілуде.
Атырау облысының әкімдігінде осы оқиға бойынша арнайы комиссия құрылды.
Бұл жағдай арық-дренаж жүйесінің болмауына және саз топыраққа байланысты жыл сайын қайталанады.
-
31.12.2024
-
30.12.2024
-
30.12.2024
-
30.12.2024
-
30.12.2024
-
30.12.2024
-
30.12.2024
-
28.12.2024
-
28.12.2024