04-05-24 |
4100 рет қаралған
Автобустағы жолаушы билет тексерушіге газ балон шашып жіберді.
Автобустағы жолаушы билет тексерушіге газ балон шашып жіберді

Астанада қоғамдық көліктегі келеңсіз жағдай видеоға түсіп қалды. Билет тексерушінің төлемді көрсету жөніндегі өтінішін елемеген жолаушы газ балон шашқан.

1 мамырда № 21 бағдарда «Ailand отбасылық демалыс орталығы» аялдамасында орынсыз жайт тіркелді. Жолаушылардың бірі CTS КБД қызметкеріне жол ақысын көрсетуден бас тартқан.

Салондағы басқа жолаушылар ер адамға ескерту жасай бастаған. Жолаушылардың бірінің жеке ескертуіне ол газ шашады.

Полиция департаментінің қызметкерлері ер адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырып, 73 840 теңгеге айыппұл салды.

«Құрметті жолаушылар, қоғамдық көлікте жол жүру ақысын уақтылы төлеуді, төлемді тексеруге көрсетуді, сондай-ақ басқа жолаушыларды құрметтеуді сұраймыз», – деді CTS КБД қызметі.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.