18-01-25 |
440 рет қаралған
Автокөлікті масаң күйде жүргізген блогер қоршауға соғылды.
Қостанайда көлігімен қоршауды соққан блогер өзі апаттың қайғылы салдарын түсіріп, TikTok желісіне жариялаған.
Оқиға орнына келген патрульдік полицейлер жүргізушіден алкоголь иісін анықтады. Медициналық куәландыру алкогольдік масаң күйдің орташа дәрежесін көрсетті.
Жүргізуші медициналық айықтырғышқа, ал оның көлігі мамандандырылған автотұраққа қойылды.
Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны үшін оған 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу және 7 жылға жүргізуші куәлігінен айыру қаупі төніп тұр. Сонымен қатар, ол келтірілген зиянды қалпына келтіреді.
Соңғы мақалалар.
-
18.01.2025
-
18.01.2025
-
18.01.2025
-
18.01.2025
-
18.01.2025
-
17.01.2025
-
17.01.2025
-
17.01.2025
-
17.01.2025
МІНБЕР.
ӨЗГЕ ДЕ МАҚАЛАЛАР.