Қызылорда – Астана бағытындағы пойызда жаға ұстатар жағдай орын алды. Әйел адам босанып, жаңа туған сәбиін терезеден лақтырып жіберген.
Жолаушылар дәретханада қан іздерін байқап қалған. Жолсеріктердің бірі еденді тазалап жатқан кезде қан іздері бір купеге апарған. Сол жерден көрпесінің астында жатқан әйел табылды. Төсек түгелдей қанға малынған. Кейін баланың денесі табылып, оның қаза тапқаны анықталды.
«Аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр, оның аясында тиісті процессуалдық шешімдер қабылданады. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталуда», – деп хабарлады көлік полициясы.