Жезқазғандағы «Қазақмыс» корпорациясының бас директоры Амангелді Минигуловты және даму жөніндегі директор Сабыржан Тембаевты пышақтаған кәсіподақ ұйымының төрағасы Тоғызбай Тәжбенов оқиға болған жерде өзін өзі атып өлтірген. Бұл туралы zakon.kz телеграм каналында жазды.
Оқиға бүгін кешкі сағат 17 шамасында болған. Бас директор Минигулов пен Тәжбенов сөзге келіп қалған. Тәжбенов директордың кабинетінен шығып кетіп, іле шала қару алып келіп, атқан. Бірақ ешкімге оқ тимеген. Сөйтіп Тәжбенов пышақ алып бас директорды және даму жөніндегі директорды пышақтаған да өзін өзі атып өлтірген.
Минигулов пен Тембаев ауруханаға жеткізілген.