Бұл туралы көлік вице-министрі Талғат Ластаев хабарлады. Маңғыстауда құлаған AZAL ұшағының апатын тергеу осы жылдың соңына дейін аяқталуы тиіс.
«ИКАО талаптары мен стандарттарына сәйкес, тергеуге бір жыл беріледі. Сондықтан 2025 жылдың желтоқсанына дейін тергеудің қорытынды есебі дайындалуы керек», – деді Ластаев.
Бұл тергеудің техникалық себептеріне қатысты. Қылмыстық тергеу бөлек жүргізілуде, оның өз мерзімдері бар, деп нақтылады спикер. Арнайы топ жұмыс істеп жатыр.
Ластаевтың айтуынша, халықаралық ИКАО ұйымы Қазақстан дайындаған алдын ала есептің деңгейі мен сапасын жоғары бағалаған. Ұйым есепте фактілердің нақты баяндалуы, егжей-тегжейлі талдануы және ақпараттың толықтығы ерекше атап өтілген.